«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 98 бұйрығы (2023.04.08. берілген өзгерістермен)

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 98 бұйрығы

(2023.04.08. берілген өзгерістермен)

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 45-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ереже;

2) Осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін.

2. «Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптаму комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 94 бұйрығының күші жойылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

ҚР Энергетика министрінің 2023.04.08. № 295 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2018 жылғы 16 наурыздағы

№ 98 бұйрығына

1 - қосымша

 

Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы

 ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 5- тарауында, 109-бабының 1 және 4-тармақтарында, 121- бабының 14-тармағында және 278-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті органның рұқсат беруге арналған өтініштерді қарауы кезінде ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.